jasqazaq.kz

Алматыда екі адам есірткімен ұсталды

20 қазан 2021, 12:11

Алматыда екі ер адамнан есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, М.Әуезов ауданының аумағында патрульдік полиция қызметкерлері 32 жастағы Алматы тұрғынынан психотроптық заттар салынған сегіз ораманы тәркіледі. Ұсталған адам бумаларды тауып алғанын және оларды өзіне қалдырмақ болғанын айтып ақталған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 1995 жылы туған тағы бір жергілікті тұрғынды 31 бума синтетикалық есірткі – «Мефедронмен» ұстады. Оның айтуынша, синтетикалық есірткіні өзі қолданады.

«Тексеру кезінде синтетикалық есірткі тәркіленді. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Психотроптық заттарды аса ірі көлемде сату мақсатынсыз заңсыз алу, сақтау) бойынша тіркелді, ал, бұл үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», – деп түсіндірді М.Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдіктілерге қатысты ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Олар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр