jasqazaq.kz

Алматыда екі адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

26 шiлде 2019, 13:22

Алматыда екі ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық көлік жүргізушісіне қол көтергендердің бейнежазбасы Instagram-дағы парақшада жарияланды. Қоғамдық көлік ішіндегі бейнебақылаудан ер адамның автобусқа кіріп, жүргізушінің қасына келгені көрінеді. Кейін олардың өзара дауласып жатқанын байқауға болады. Бір кезде автобусқа мінген адам жүргізушіге қол жұмсайды. Олардың жанына тағы бір ер адам жүгіріп келеді. Жолаушылар тасымалдайтын «Бату Тревел» компаниясының мәліметінше, келеңсіз оқиға 21 шілде күні болған. «Ол кезде автобус жүргізушісі жанармай бекетіне бара жатқан. Автобустың алдын кесіп көлік тоқтаған. Жол-көлік оқиғасынан қашып, солға бұрылған автобус жүргізушісі оған сигнал беріп кетеді. Қоғамдық көлік жүргізушісінің бұл қылығы ұнамаған болу керек, ол автобусты қуып жетіп, жолын бөгейді. Кейін автобусқа кіріп, жүргізушіні соққыға жыққан. Пышақпен қорқытқан», — дейді компания өкілі. Автобус жүргізушісі қашып шығып, жанармай бекітіндегі адамдардан көмек сұраған. Тәртіп сақшылары бұзақыларды бір күннен кейін ұстады. «Бұзақылар мас болып шабуылдаған. Олар кінәсін мойындады, кешірім сұрады, моральдық шығын төледі, жүргізуші кешірді», — деді компаниядағылар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық