![]()
Әл-Фараби мен Розыбакиев көшелеріндегі жол айырықта адам өліміне қатысты ЖКО орын алды, деп хабарлайды patrul.kz.
https://youtu.be/n4eswrye6K4
Куәгерлердің мәлімдеуінше, екі әйел қатты жылдамдықпен жүретін даңғылды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпекші болған. Батысқа қарай жүріп бара жатқан Mitsubishi Pajero автосының жүргізушісі жаңағыларды байқамай, қағып кетті. Нәтижесінде, 68 жасар әйел сол жерде мерт болды, ал қасындағы 46 жастағы серігі ауыр жарақаттармен жетінші қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның жай-жапсарын анықтау полицейлердің еншісінде.



