jasqazaq.kz

Алматыда дүкендер мен базарлар жабылады

26 маусым 2020, 18:13

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдады.

Алматыда қосымша карантин шаралары 27 маусым сағат 00.00-ден бастап 29 маусым cағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Қабылданған шешімге сәйкес бұл кезеңде коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары объектілердің қызметі тоқтатылады:

Атап айтқанда, ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік сатпайтын), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік сатпайтын, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;

қоғамдық тамақтану нысандары (ашық ауадағы нысандарды қоспағанда), фитнес-орталықтар жабық болады.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымында қайта жалғастыра алады. Қоғамдық көліктер де осы демалыста өз қызметін тоқтатады.

Атап өтетін жайт, жоғарыда аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.

«Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеуді ескертеміз. Қауіп тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу керек. Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патруль күшейтіледі. Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүгіне алады» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

ҚазАқпарат

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)