jasqazaq.kz

Алматыда дүкен сөрелеріндегі тауық етінен сальмонелла анықталды

20 қараша 2018, 17:50

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті азық-түлік қауіпсіздігі бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында екі дүкеннен алынған тауық етінен Salmonella таяқшаларының екі түрі табылған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Смағұлов» ЖК, «Заманбеков» ЖК (Жетісу ауданы) дүкендеріндегі тауықтың саны етінен адам үшін қауіпті Salmonella еnteritidis, С1 тобындағы Salmonella бактериялары табылған. Сатушыларда бұл өнімнің қауіпсіздігі туралы құжаттары да жоқ болып шықты. Дүкен иелеріне айыппұл салынып, осы өнімдерді жеткізушілерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді департаменттің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ тексеру барысында қаладағы үш дүкен: «Оразалин» жеке кәсіпкерлігі (Әуезов ауданы), «Гусев» жеке кәсіпкерлігі (Бостандық ауданы) және «Ақмарал» дүкенінен (Медеу ауданы) пайдалану мерзімі өтіп кеткен тамақ өнімдері анықталды. Дүкендердің басшылығына айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, жалпы Алматы қаласы бойынша 6 тағам өндірушінің санитарлық ережелерді сақтамағанын белгілі болды. Нысандардың басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алматыда жыл басынан бері 164 субьектіге қатысты әкімшілік іс қозғалса, 34 іс сот органдарында қаралды. Жалпы алғанда 13,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Айналымнан жалпы құны 2 млн теңге болатын 5 мың 277 келі тауар алынып тасталды. Сауда орындарынан алынған 2469 сынаманың 35,6 % техникалық регламенттерге сай емес болып шықты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді