jasqazaq.kz

Алматыда демалыс күндері полиция кезекшілігі күшейтіледі

19 маусым 2020, 14:18

Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын жерлерде енгізілген шектеулерді сақтау бойынша кезекшілікті күшейтеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында аудан әкімі Бекқали Торғаев айтты.

Кеше Қазақстанда, оның ішінде Алматыда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Осыған байланысты, Алматы қаласының Алмалы ауданында алдағы демалыс күндері, яғни 20-21 маусымда барлық сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, фитнес орталықтардың жұмысы тоқтатылады.

Дәмханалар мен мейрамханалар тек қана санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жазғы алаңдарда ғана жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ саябақтарға, жағалауларға баруға тыйым салынады. Қоғамдық көліктің, оның ішінде қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылады.

«Алмалы ауданында 4 сауда, ойын-сауық орталығы, 18 сауда үйі, 7 сауда орталығы, 6 базар, 43 фитнес-орталық, 1 саябақ, 22 тынымбақ, 5 бульвар, 15 жасыл аймақ, 1 бөлу аймағы бар. Қызметі тоқтатылған барлық нысандарда санитарлық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Алматылықтарға қала бойынша жүруді шектеуді, әсіресе сырқаттану қаупі қарт адамдарға төніп тұр, сондықтан үйде болуға кеңес береміз. Қала тұрғындарынан осы бағыттағы шараларға түсіністікпен қарауларын сұраймыз», — деді Бекқали Торғаев.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия