jasqazaq.kz

Алматыда дәрігерді бұрынғы пациенті атып өлтірген (Видео)

04 сәуiр 2022, 17:28

Алматыда аң аулайтын қарудан атып өлтірілген ер адам гастроэнтеролог дәрігер Юрий Шумков болып шықты. Одан бұрынғы емделушісі кек алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полициясы растады.

«Кісі қолынан қаза тапқан адам — гастроэнтеролог Юрий Шумков. Полицейлердің жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, қылмысты оның емделуші пациенті жасауы мүмкін»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болған. 1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан қаза тапты. Оған біреу аң аулайтын мылтықтан оқ атқан. Бұл қылмыс бірден ашылды. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде