jasqazaq.kz

Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйел сотталды

27 сәуiр 2018, 13:05

Алматыда ДАИШ идеясын насихаттаған әйелге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Алмалы аудандық сотында азаматша С.-ке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша қаралды. «2012 жылы интернет ресурстары арқылы халықаралық ДАИШ террористік ұйымының әрекетімен танысып, сотталушы С. «Құран» аяттары мен хадистерін бұрмалап тәржімаланған «қарулы жиһад» радикал діни көзқарасты ұстанған. Сотталушы С., радикал ислам ағымының ықпалында болып, радикал исламның және халықаралық ДАИШ террористік ұйымының идеологиясын насихаттау үшін насихаттау материалдарын сақтап, таратқан», — деді сотта. Сот отырысы барысында сотталушы С. өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі орта деңгейлі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде