jasqazaq.kz

Алматыда COVID-19 індетінен 7 адам жазылды

29 наурыз 2020, 23:29

#үйдеотыр

Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бірі — әйел адам «Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы» бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі – «Мәскеу – Алматы» рейсімен келген ер адам. Екеуі де тиісті ем-дом шараларын алды. Олар енді медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады. Осымен Алматыда коронавирустан барлығы 7 адам жазылып шықты. Қазір қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 60 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Жаңадан анықталған 9 науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Бір әйел адам 19 наурызда «Минск – Алматы» рейсімен, бір пациент «Дублин – Ыстанбұл – Алматы» бағытымен және бір адам «Ыстанбұл – Алматы» рейсімен ұшып келген. «56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 1 әйелдің жағдайы ауыр, 4-еуінің жағдайы орташа және 1 баланың денсаулығы жақсарып келеді. Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар. Оның 122-сі – бала, 159 адам карантиндік оқшаулауда, 1514-і — үй карантинінде», — делінген ақпаратта.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)