
Алматыда ковидпен ауыратындар саны азайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды.
— Алматыда бір ай ішінде коронавирус ауруының күн сайынғы өсімі 4,2% -дан 1,4% -ға дейін төмендеді. Репродуктивті сан, яғни 1 адамнан ауру жұқтырушылар індеттің шарықтау кезеңінде 4 болса, бүгінде ол 0,9% дейін төмендеген. Яғни, қазір 1 науқас 1 адамға ауру жұқтырады, бұл аурудың төмендеуін, эпидемия қарқынының беті қайтқанын білдіреді, — деді Бекшин.
Пандемия басталғалы бері Алматыда коронавирус жұқтырудың 12 997 жағдайы тіркелді, онын ішінде 7 897 расталған жане 5110 жағдай симптомы білінбейтіндер болып табылады.
«Негізінен 20 және 29 жас аралығындағы жастар ауырды, бул жалпы көрсеткіштің — 21%., 30-39 жас аралығындағылар — 20%, қарттар — 17,7%. Басты себептері — жұмыс орнынан жұқтыру, 49,7% — жұмыстағы науқастармен байланыс, 19% — үйдегі адамдармен байланыс, 0,1% — ауруханадағы науқастармен байланыс», — деп түсіндірді ол.