jasqazaq.kz

Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірін таққан көлік ұсталды

17 қараша 2017, 13:09

Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірін таққан көлік ұсталды, — деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР СІМ жолдаған сигнал бойынша Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі тұрғын үй кешендерінің біріндегі тұрақта БҰҰ нөмірін таққан Toyota Land Cruiser көлігін анықтады», — деп хабарлады ведомстводағылар. Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, көлік жеке тұлғаға Алматының 1973 жылғы тұрғынына тиесілі. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 603-баптың 1-бөлігі («Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу») — 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл (34 039 теңге), сондай-ақ, 590-баптың 3-бөлігі бойынша («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») — 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл (34 039 теңге) салынды. «Toyota Land Cruiser автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті