jasqazaq.kz

Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды

04 қараша 2021, 17:17

Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының мәліметінше, сот Ш. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іске нүкте қойды.

«Жаңа жыл қарсаңында Ш. есімді азамат бұрын өзімен бірге жұмыс істеген Б. есімді азаматшаны бірлесіп корпоративтік жаңа жылдық кештер ұйымдастырамыз деген сылтаумен келіссөздер жүргізуге шақырған. Осы мақсатта ер адам алдын ала жалға берілетін пәтерді жалдап, онда жәбірленуші апарған. Онда оны ұрып-соғып, бірнеше сағат зорлаған, сондай-ақ, жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қазір күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен Ш. есімді азаматтың кінәсі толық дәлелденді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Медеу ауданы аудандық сотының үкімімен Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде