jasqazaq.kz

Алматыда бүркітшілер сайысы басталды

09 ақпан 2018, 11:20

Алматы қаласында «Қыран — 2018» бүркітшілер сайысы басталды. Бұған дейін дәстүрлі шара қалада емес, облыс аумағында өткізіліп келген еді, деп хабарлады Хабар 24.

Бұл жолы ұйымдастырушылар құсбегілер бәсекесін Алматы ипподромында өткізуді жөн тауыпты. Бүркітпен қатар аңға қаршыға, ителгі мен лашын құстар түседі. Жарысқа еліміздің 11 аймағынан барлығы 51 құсбегі қатысады. Сайыс үш күнге жалғасып, жеңімпаздар сенбі күні анықталмақ. Бағдат Мүптекеқызы, «Қыран» қоғамдық қорының атқарушы директоры: – Жарыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші құстардың шеберлігі, өзінің иесімен арақатынасы. Ертең, екінші күні қоянға саламыз. Сосын үшінші күні еркін аң аулау дейміз. Көп бүркітшілер дайындықтары жақсы болып жатса, ары қарай қасқырымыз бар. Көреміз қалай болатынын.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды