jasqazaq.kz

Алматыда былтыр отырғызылған ағаштар қурап жатыр

15 маусым 2021, 11:24

Алматыда былтыр қарашада отырғызылған ағаштар қурап жатыр, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, жергілікті билік былтыр Алматы көшелері бойына 65 мың ағаш отырғызған. Бірақ қазір, алты айдан кейін, олардың жартысынан көбі қурап қалған. Қала тұрғындарының айтуынша, ағаштар суарылмайды, ал мұндай ыстық күнде оларға күнде күтім жасалуы керек. Ағашты суару кезінде шамамен 40 литр су пайдалану керек.

Жасыл экономика басқармасындағылар ағаштар кесте бойынша — аптасына бір рет суарылатынын айтты.

«Бір жыл ішінде, күзгі кезеңде көшеттерді өтемақы міндеттемелеріне сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ағаштар жазда отырғызылса, олар қурап қалады. Яғни, олар өсіп кете алмайды. Себебі вегетациялық кезең бастылып қойды. Бұл тиімсіз болады», — деді Алматы Жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұркен Ақмырза.

Қазір Алматыда екі миллионға жуық жасыл желек бар. Жасыл экономика басқармасы қурап қалған ағаштардың орнына басқасын отырғызуға уәде берді, дейді тілшілер.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия