jasqazaq.kz

Алматыда «бомба қойылды» деп жалған хабар беруші ұсталды

19 желтоқсан 2017, 19:03

Кеңсеге «жарылғыш қойылды» деп жалған ақпарат беруші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция ер адамның ақпараты бойынша Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы кеңселік ғимараттарды барып тексерді. Алайда «жарылғыш қойылды» деген ақпарат расталмады. Полиция жалған ақпарат берушіні іздестіруге кірісті. «Жедел бөлімшелердің өкілдері қысқа уақыт ішінде анонимді анықтады және оны ұстады. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында А. есімді 1995 жылғы жұмыссыз ОҚО тумасы ұсталды. Ол аталған қылмысты бұзақылық ниетпен жасаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде», — деп хабарлайды Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, ІІД терроризм актісі туралы жалған мәліметті хабарлау қылмыс екенін және оған қылмыстрық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды