jasqazaq.kz

Алматыда блокбекеттердің орнына экостанция орнатылады

22 маусым 2020, 16:53

Алматы Жасыл экономика басқармасының жаңа басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифинг барысында қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарларын бөлісті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Наталья Ливинская ұсынған шаралардың бірі — қалада карантин кезінде жұмыс істеген блокбекеттердің орнында экобекет орнату.

«Бізде карантин кезінде жұмыс істеген блокбекет тұрған жерлерде экобекеттерді іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, веложолдарды 28 шақырымға ұзарту жоспарланып отыр және қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтарды ұлғайтамыз. Сонымен қатар, жақын арада қаланы аралап жүріп пайдаланылған газды өлшейтін мобильді зертханаларды іске қосамыз», — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындарына ЛЭД-экрандар арқылы ластану туралы ақпарат беру жоспарланғанын айтты. 26 аспап жұмыс істеп тұр, бұл қоғамдық және «Қазгидромет» құралдары, олардың санын 10-ға арттыру жоспарланып отыр.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)