jasqazaq.kz

Алматыда блогер қамауға алынды (Видео)

25 қараша 2021, 10:38

Алматыда өрт сөндіргішпен елді шошытқан блогер әкімшілік қамауға алынды. Бір топ жігіт бұған дейінде Алматы метросында пранк түсіргендері үшін жазаға тартылған еді. Қайталап тәртіп бұзған тиктокерлер бұл жолы тағы да полицейлердің назарына ілікті. Бір блогер әкімшілік жазамен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ересек жігіттердің ерсі қылықтары көшедегі жүргіншілерге де ұнамаған. Үш жігіт қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт сөндіргішпен шашып, елді шошытқан. Тұрғындар полицейден қоғамдық тәртіпті бұзушыларды жазалауды сұраған.

«06.09.1999 жылы туған К.С.Әлиакбаров, 26.06.2002 жылғы А.С.Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы – ұсақ бұзақылық бойынша квалификацияланған. Армиянов алдында метрода әуендік колоннамен жасалған пранктерге қатысқан және осыған дейін ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттер айыппұлды немесе әкімшілік қамауға алуды көздейді. Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К.С.Әлиакбаров (бейнетаспада қолында өрт сөндіргіші бар) әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. А.С.Армияновқа және операторға қатысты тексеру жалғасуда», — деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде