jasqazaq.kz

Алматыда бизнесмен 50 отбасыға газ желісін тегін қосып беруге уәде етті

19 ақпан 2020, 12:16

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу барысында қаланы газдандыру мәселесі қозғалды.

Тұрғындардың бірі көгілдір отынды қосуды жағдайы көтермейтін халыққа бөліп төлеуге мұрсат беруін сұраған болатын. Тұрғыннан соң іле шала микрофонға асыққан ер адам қала әкіміне өз ұсынысын жеткізді. «Мен бизнесменмін. Қаланың экологиялық ахуалы мені де қатты толғандырады. Күз түсе менің балаларым ауыра бастайды. Бұл мен үшін өте маңызды мәселе. Мен қаланың төменгі аудандарына барғанда байқаған нәрсем бар. Мәселен, Думан шағын ауданында бір үйді газдандыруға 300 мың теңге керек. Кейбір отбасылар барлығы жабылып 300 мың теңгені айына әрең табады. Олар сосын бірнеше жыл жабылып жатып сол ақшаны қайтарады. Ал бизнес қауымдастығы үшін 300 мың түк емес. Осы орайда бизнесмендерге челлендж бастағым келеді. Мен өзім 50 отбасына газды тегін қосып беремін. Менің әріптестерім де мені қолдайды деп сенемін», — деді бизнесмен. Залға жиналған қауым бизнесменге ризашылық білдірді. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев алматылықтар газ тарту үшін пайызсыз несие ала алатынын айтқан болатын.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия