
Алматыда тұрғын үй алабында үш үй өртке оранды. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 08:44 Алмалы ауданы,Үмбетбаева — Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 8 минутта оқиға орынына жетті. Бір-біріне жақын орналасқан жеке тұрғын үйлердің шатыры отқа оранған. Қабылданған шаралар Қабанбай батыр көшесіндегі 243-үйді өрттен қорғауға мүмкіндік берді. Қалған үш үйдің шатыры ішінәра зақымданды», — деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт толықтай сағат 09:22 сөндірілді. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.