
Әлеуметтік желіде Алматыда болған жол-көлік апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы Саин көшесінің бойында солтүстік бағытта болған.
Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров:
Үш көлік соғылды. Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік апаты арақашықтықты сақтамау салдарынан болған. Қазір бұл деректі Әуезов аудандық полиция бөлімі анықтап жатыр.
Жол апатынан ешкім зардап шеккендер жоқ.