jasqazaq.kz

Алматыда бірқатар көше мен үйлердің ауласын су басты (видео)

15 сәуiр 2020, 11:08

Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түні бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Алатау, Бостандық және Жетісу аудандарында көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су толды.

«Су басудың себебі — арық желілерінің тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуы. Қала тұрғындарынан түскен хабарламаларға ТЖ департаментінің аудандық бөлімшелерінен су соратын техника мен адамдар жіберілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. Айта кетерлігі, «Қазгидромет» ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте қала аумағына 36 мм жаңбыр жауған, бұл орташа айлық нормадан тыс. Ауа райы болжамына сүйенсек, жаңбыр бүгін де күні бойы жауады.

https://youtu.be/8LlOFzrNdWc

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия