jasqazaq.kz

Алматыда бірінші сыныпқа 32 мыңға жуық бала барды

01 қыркүйек 2022, 10:51

Алматыда 1 қыркүйекте сегіз жаңа мектеп ашылды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 32 мыңға жуық бала мектепке барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім күні бірден сегіз жаңа мектеп есігін айқара ашты, олардың төртеуі – мемлекеттік. Бұл оқу орындары Мәдениет, Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандарында орналасқан және 6600 орынға есептелген. Қалған төрт мектеп (1470 орын) жеке инвестиция есебінен салынды. Сонымен қатар бүгінде №191, 146, 125 мектептерге жапсарлас құрылыс аяқталды, бұл оқушылар санын 875 орынға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Биылғы оқу жылынан бастап Алматы мектептері толығымен бір немесе екі ауысыммен білім алуға толық көшеді. Мәдениет шағын ауданында ашылған 1500 орынды мектеп қаладағы жалғыз үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Қалада барлығы 210 мемлекеттік және 91 жеке меншік мектеп жұмыс істейді, — делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Жыл соңына дейін бес мемлекеттік және екі жеке меншік мектепті пайдалануға беру, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған оқу орындарының жанындағы үш қосалқы нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы әкімдігі:

Биыл аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындау аясында жергілікті бюджеттен 847 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде Алматының 20 мыңға жуық оқушысы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін «Жаппай оқыту» қорынан 43 мың теңге сомасында қаржы алды. Демеушілердің арқасында «мектепке жол шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 4108 балаға жалпы сомасы 70,6 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Қала мектептерінде барлығы 317 мың оқушы білім алатын болады. Биыл бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр