jasqazaq.kz

Алматыда бір топ адам ТЖО қызметкерлерін ұрып кеткен

05 сәуiр 2022, 15:42

Алматыдағы техникалық жөндеу орталықтарының бірінде бірнеше адам қызметкерлері соққыға жыққан. Қазір полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде қаладағы ТЖО-лардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Автордың сөзінше, орталыққа келген азамат пен қызметкер арасында жанжал болған. Кейін ер адам өзімен бірге он шақты адам ертіп кетіп, жұмысшы мен оның серіктесін соққыға жыққан. ТЖО қызметкерлері бас және қабырға жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Полицияда аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір істі Жетісу ауданы полиция басқармасы тексеріп жатыр.

«Кінәлілерді ұстау және жазаға тарту бойынша шұғыл және арнайы шаралар іске асырылып жатыр», — деді Жетісу ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде