jasqazaq.kz

Алматыда бір тәулікте 1500-ден астам адам коронавирус жұқтырған

09 тамыз 2021, 11:51

Алматыда бір тәулікте 1503 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның 1410-ы симптомды, 93-і симптомсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша өткен тәулікте, 218 науқас емделіп шықса, олардың орнына 596 адам түскен. Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда (7 110 төсек) 5 591 адам (187 бала) ем алып жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 397 адам ем алуда. Өкпені жасанды желдету аппаратына – 63, инвазивті емес өкпе аппаратына – 159, High flow аппаратына – 152 адам жалғанған. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының бақылауымен 11 624 пациент үйде ем алып жатыр. Олардың 11 097-сі жеңіл және орташа дәрежелі симптоммен, 527-сі симптомсыз сырқаттанған. 2021 жылдың 1 ақпанынан 8 тамызына дейінгі кезеңде вакцинаның бірінші компонентін 771 233 адам алған. Өткен бір тәулікте бірінші компонентті – 4 063 адам, екінші компонентті – 5 722 адам қабылдады. Екпе алғандардың ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны – 104 526. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында 160 вакцинация пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар). 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы жұмылдырылған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия