jasqazaq.kz

Алматыда бір тәулік ішінде коронавирустың 25 ошағы анықталды

27 наурыз 2020, 15:46

#үйдеотыр

Алматыда коронавирустың 25 ошағы тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгін Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар. Атап айтқанда, Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан. Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- да орналасқан. Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан. Медеу ауданында 4 ошақ: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5 мекенжайы бар. Жетісу ауданында 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51 мекенжайларында тіркелді. Түрксіб ауданында 7 ошақ: Алтай-1 ықшамауданы, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63; Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де орналасқан. Бостандық ауданында 1 ошақ: Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында орналасқан. Нарызбай ауданында бүгін жаңа ошақ тіркелді. Ол -Ақжар ауылы, Береке көшесі, 1/97. Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестерімен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылып жатыр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі