jasqazaq.kz

Алматыда бір бөлігі сүрілетін Жібек жолы базарында наразылық туды

17 ақпан 2020, 22:31

«Далада қаламыз» деп қорқады! Алматыдағы Жібек жолы базарының бір бөлігі сүрілетініне жұмысшылар мен кәсіпкерлер наразы. Сот көлік жөндеу орындарын бұзу туралы шешім шығарған. Базар әкімшілігі босаған аумаққа жаңаша түрде басқасын салмақ. Бірақ, оған тағы да «шығынға батамыз» дегендердің мұнымен келіскісі жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әдетте дүйсенбіде сілтідей тынатын Жібек жолы базарында бүгін қарбалас. Осында нәпақасын табатындар таңда келуі тиіс сот орындаушыларына «табанды қарсылық көрсетеміз» деп жиналған.

Мақсат Сағиев, кәсіпкер:

— Мына қарапайым халықты қайда жібереміз? Қарапайым халықты қараңыз, жан-жағымда! Қазақ халқы, сіздерге айтам, біз бір-біріміздің көзімізді шұқымайық.

Даудың басы өткен айда шыққан сот шешімінен басталған. Қанша жылдан бері жұмыс істеп келген бұл аумақ талапқа сай болмай шығыпты. Көлік жөндейтін нысандардың бәрі заң бойынша алынып тасталуы керек екен.

Ермахан Бүрісбаев, кәсіпкер:

— Салып, ақша шығындалдық. Бірақ бізге жер берсе, көшіреміз. Ешқандай жауап жоқ. «Алыңдар да, кетіңдер, бұзыңдар» деп жатыр. Енді қаншама отбасы далаға кете ме, не істейміз?! Техниканың алдында қарсы тұрамыз, басқа амалымыз жоқ. Үкімет бізді өндіріспен қамтып жатқан жоқ. Тек осы базар, сауда үйлері – елдің жұмыс істейтін жері.

Сот шешімімен бас-аяғы 40 бокс бұзылуы тиіс. Базар әкімшілігі балама ретінде олардың жаңа түрін ұсынып отыр. Бірақ әрқайсының құны 2 млн. теңгеге жетіп жығылады.

Бауыржан Райымбеков, Жібек жолы базарының басшысы:

— Екі күннің ішінде 50 пайызы сүріледі. Кейбіреулері еш қарсылықсыз өздері бұзып жатыр. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлестік. Түсінгендей болған. Біз ешкімді қуып жатқан жоқпыз. Ары қарай тағы да жаңа келісім-шартқа отыруға дайынбыз.

«Бәрі жақсы болады» деген бұл жұбатуға көбінің сенгісі жоқ. «Ертең далада қалам ба?» деген қорқыныш басым. Ал бүгін келуі, осы жақты сүруі тиіс болған сот орындаушылары бой көрсетпеді. Кәсіпкерлер мен жұмысшылар өліспей беріспейміз деп тарқасты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия