jasqazaq.kz

Алматыда билетсіз жолаушы пойыз вагонының шатырына шығып алған (Видео)

05 тамыз 2022, 14:36

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для Крис П Алматы (@kris.p.brothers)

Алматыда билетсіз ер адам діттеген жеріне пойыз вагонының шатырында жатып, жетіп алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Онда орнынан қозғалып бара жатқан пойыз вагонының бірінің үстінде ер адам жатқанын көруге болады.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 шілде күні сағат 22:45-те болған. «Алматы-1» станциясындағы кезекші бөлімшеге «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» пойызының машинисінен вагонның төбесіне мініп алған ер адамның кесірінен пойыз шұғыл тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті.

«Пойыз тоқтағаннан кейін көлік полицейлері құқықбұзушыны акт бойынша вагонның төбесінен түсірді. Тексеру барысында оның Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жауап алу барысында ер адам билет алуға ақшасы жоғын айтып, пойыздың төбесінде үйіне жетуді ұйғарған», — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде