jasqazaq.kz

Алматыда бес бала моншада тұншыға жаздады (видео)

02 наурыз 2021, 10:22

Алматылық отбасы моншаға барамыз деп күтпеген жағдайға тап болған. Онда бір сағаттан кейін балалары ауырып, бесеуінің де басы айналып, жүрегі айныған. Бұл туралы «Еуразия Бірінші арнасы» хабарлады.

«Монша иесі төлемді 100 метр жердегі дүкенде қабылдайды. Кейін әйел бізді сыртымыздан бір жарым сағатқа жауып кетті. Бір сағат өтпестен баламның басы айнала бастады. Содан кейін қалған балалар да әлсірегенін айтты. Әйелім бірден есікті қағып, айғайлап, монша иесін шақырды», — деді қала тұрғыны Мұса Қосмұратов.

«Алдымен монша іші ыстық болғаннан жағдайы нашарлады ма деп ойладым. Бірақ кейін олардың бәрі басы айналып, жүрегі айнығанын айтты. Сонда ғана не болғанын түсіндік. Сол жерден шыға алмай, өліп қаламыз ба деп ойладым», — дейді Бақыт Қыдырбекова.

Монша ішінен естілген айғайдан дүкен қызметкері жүгіріп келген. Ең кішісінің жаса үште ғана. Балалар дереу ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар қызметі барды. Бар гәп мұржада болып шықты.

«Жылыту қазандығының мұржасы бітеліп, желдеткіші істемей қалған», — дейді құтқарушылар.

Газ тарату ұйымының өкілі Әсел Тұрғымбаеваның айтуынша, газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, газ жабдықтары жарамдылығы мен техникалық жағдайына үй иесі жауапты.

Мамандар мәліметіне сүйенсек, монша бұрын тексеріліп, газ құрамын анықтайтын қондырғылар орнатуға нұсқау берілген. Қазір монша жабық, ал полицейлер балалардың улануына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия