jasqazaq.kz

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта кінәсін мойындамады

07 сәуiр 2022, 13:57

2021 жылғы 20 қыркүйек күні Алматының Ақбұлақ шағын ауданында кісі қолынан қайтыс болған бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Сотталушы болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Дужнов жауап алу кезінде 2021жылғы 20 қыркүйектегі оқиғаның мән-жайын айтты. Айыпталушының айтуынша, сот орындаушы оларды заңсыз көшірмек болған.

Игорь Дужнов:

Отбасымды көшеге қаңғыртып жіберетінін түсіндім. Заңсыз көшіруді тоқтатудың бірден-бір жолы үйімнің аумағына басып кірген қарсыласты талқандауға бағытталған белсенді қарсылықты қолдану болды. Гаражда қаруым болатын. Мен гаражға кіріп, үлкен оқжатарға он оқ салып, ыңғайлы жерге бардым да, басқыншыларға: «Қабырғаға!» деп бұйрық бердім. Қатысы жоқ адамдарға шетке кетіп қалуға мүмкіндік бердім.

Сотталушы өзін кінәлі деп санамайды, өйткені ол отбасын заңсыз көшіруге жол бермеуде басқа амал болмады деп отыр.

Еске салсақ, 2021 жылғы 20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов үйіне барған сот орындаушы мен бірнеше адамға оқ жаудырды. Бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Кейін бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны, ал екіншісі оның танысы болғаны анықталды.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды.

Ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық