jasqazaq.kz

Алматыда белгісіз ер адам оқушы балаға шабуылдады

27 сәуiр 2021, 14:17

Алматыда көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам мектеп оқушысына шабуыл жасады.

Бұл туралы оқушының анасы әлеуметтік желіде жазды. Әйелдің айтуынша, ұлы подъезден шығып бара жатқанда күтпеген жерден бейтаныс адам мұрнынан бірнеше рет соққан.

«Бұл адам 21 сәуір күні кешкі сағат 21:05 шамасында «Тастақ» ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйдің кіреберісінде менің ұлыма негізсіз шабуыл жасады. Ұлым оны танымайды, бірінші рет көріп тұр. Менің ойымша, ол есірткіге тәуелді адам болуы мүмкін. Оны біздің үйдің тұрғындарының ешқайсысы танымайды. Ол туралы ақпарат жоқ. Шабуылдың видеосы бар, біз полицияға жүгініп, арыз жаздық», — деп жазды алматылық әйел.

Қалалық Полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Алмалы аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат береміз», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия