jasqazaq.kz

Алматыда белгісіз біреулер кафеге шабуыл жасады

18 қараша 2020, 12:16

Алматыда кафелердің біріне белгісіз біреулер қорғанысқа арналған газ баллонымен шабуыл жасады. Бұзақыларды полиция ұстап әкетті.

Бұл туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Оқиға Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында орналасқан кафеде болған.

«Біз жаттығудан кейін балалармен бірге дәмханаға кірдік. Арада 20 минут өткен соң кафеге қолында пышағы бар мас ер адам жүгіріп кіріп, айғайлай бастады. Кафе қызметкерлері оны сабырға шақырды. Кейін оның артынан тағы 5-6 адамның қуып келе жатқанын көрген қызметкерлер кафенің есігін ішінен кілтеп алды. Ал бұзақылар есіктің арғы жағынан «газ құтысын» қолданды. Ішіндегі адамдар жөтеле бастады. Менің балаларым өздерін жәйсіз сізіне бастады»,– деп жазды автор. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт қазіргі уақытта өндірісте екенін мәлім етті.

«102» нөміріне қоңырау түсе салысымен полиция экипажы бірден оқиға орнына аттанды. Бұзақылар ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия