jasqazaq.kz

Алматыда белгісіз біреулер блогерді сабап кетті

08 маусым 2021, 16:24


Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзін сабап кеткені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сурет жүктеді.

Малдар. Тәртіп болмайынша, біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені сабап, тонап кетті…. Тура театрдың алдында! — деп жазды ол Facebook-те суретін жүктей отырып.

Алматы қалалық полициясы департаменті бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы, «Қарақшылық» бойынша тіркелгенін және оқиғаның орын алған жеріне қатысты Алмалы аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтіндігін хабарлаймыз, — деп түсіндірді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Кудрявцев және басқа блогерлер тобы белгілі бір жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия