jasqazaq.kz

Алматыда бейбіт митинг өтті

30 маусым 2019, 10:34

Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңында орналасқан саябақта қала билігімен рұқсат етілген бейбіт митинг өтіп жатыр.

Оны ұйымдастырушы Әлнұр Ілияшев жиналған 200-ге жуық адамды митингті өткізу ережелерін сақтауға шақырды. Жалпы, жиын тыныш жағдайда өтіп жатыр. Сөз сөйлеушілер жүк көлігінің кузовіндегі мінберге кезек-кезегімен көтерілуде. Олар биліктің қоғаммен диалогын, митингілерді өткізуге өзге орынды, шетелдік жұмыс күшін жұмылдыру туралы заңның сақталуын сұрауда. Жақын жерде полицейлер, жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру қызметтері кезекшілік етуде. Еске салайық, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, 2019 жылдың 30 маусымы күні бейбіт митингілер өткізуге рұқсат еткен болатын. Олардың орны алдын ала белгіленді. Бұған дейін прокуратура митингілерді өткізу ережелерін еске салған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда