jasqazaq.kz

Алматыда базарлардың ашылуына неге тыйым салынып отыр?

02 мамыр 2020, 22:22

Алматыда 4 мамырдан бастап ашылатын сауда орындарына базарлар жатпайды. Азық-түліктен басқа базар саудасының ашылуына неге тыйым салынып отырғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында түсіндірді.

«Ауданы 500 шаршы метр болатын азық түліктен басқа тауарлар дүкендерінің ашылуына рұқсат беріледі. Егер ШОБ субьектілері базар мен сауда үйі территориясында орналасса оларға рұқсат берілмейді. Дүкендер жеке орналасуы керек. Базарлар мен сауда үйлеріне, орталықтарына рұқсат әлі жоқ», — деді Сапарбек Тұяқбаев.

4 мамырдан бастап шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалондар мен гүл дүңгіршектері, жылжымайтын мүлік компаниялары, валюта айырбастау орындары жұмысын қайта бастайды. Қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандардың жұмысын іске қосуға рұқсат етілген.

Оларға қандай талап қойылатынын бұған дейін жазған болатынбыз. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, аталған нысандарды ашудың арқасында 41,4 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі