jasqazaq.kz

Алматыда Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды

19 наурыз 2022, 12:37

Алматыдағы Баум тоғайынан қару жасырылған орын табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасырын жерде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілер екі мылтық, револьвер, пышақ, Калашников автоматының патрондарын, Макаров тапаншасын, гранаталарды, оқ өтпейтін жилет пен полицияның жейдесін жасырғаны хабарланды.

«Біздің мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының әріптестерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында Успенский көшесінен 200 метр қашықтықтағы Баум тоғайынан түрлі оқ-дәрілер сақталған орын табылды. Көше оңтүстікте, ағаштың жанында. Аталған дерек Түрксіб аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», — деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 мекемесі басшысының орынбасары Шәкір Юнусов.

Қойманың ішінен табылған бөліктердің кімге тиесілі екенін қосымша тергеу анықтайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде