jasqazaq.kz

Алматыда банкке жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

16 қазан 2020, 14:18


Алматыда Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Топтарда Kaspi Bank-ке жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы тарап жатыр. Бақылау камераларындағы мәліметтерге қарағанда, оқиға кеше Сейфуллин және Гоголь қиылысындағы бөлімшеде болған», — делінген жазбада.

Бейнежазбада екі ер адам банк бөлімшесіне басып кіріп, біреуі әйнекті сындырып, кассадағы ақшаны алып кетеді. Видеода көрсетілген күн мен уақытқа қарағанда оқиға 15 қазанда кешкі сағат жетіде Сейфуллин даңғылындағы банк бөлімшесінде болған. Бұл ғимаратта Kaspi Bank бөлімшесі орналасқан.

Банк жағдайға пікір білдірді.

«Бейсенбі, 15 қазанда Алматыда екі қарулы тонаушы Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталып қаған еді, бөлімшеде клиенттер болмаған. Белгісіз біреулер қару-жарақпен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Бақытымызға орай, қызметкерлердің ешқайсы зардап шеккен жоқ. Полиция тез арада келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс істейді. Қылмыскерлер заң бойынша табылып, жазаланады», — деп хабарлады банк өкілдері.

https://www.youtube.com/watch?v=5ve3N_dy4i4&feature=emb_logo

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия