jasqazaq.kz

Алматыда баласын ұрған ер адам жазаланды

15 қазан 2019, 14:25

Алматыда туған ұлын шыбын ұрғышпен соққан әке әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл фактіні Алатау аудандық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтады. Ер адам баланы шыбын ұрғышпен салып жіберіп, содан кейін қолына жерде жатқан арматураны алды, бірақ онымен ұрмады. «Жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаны жедел тексерді. Бұл «Рахат» шағын ауданында болған. Бейнежазбадағы ер адамды бірден анықтадық. Оның 38 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ер адам бұл фактіні жоққа шығарған жоқ. Ол өзінің 2008 жылы туған ұлын осылайша тәрбиелегенін жеткізді. Отбасы толық. Тұрмысы жақсы. Оқу орнында балаға жақсы сипаттама берді. Учаскелік инспекторлар баланы ұру фактісі бойынша әкімшілік материал жинақтады. Бұл материал Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жолданады», — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Берік Әбілбеков.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда