jasqazaq.kz

Алматыда баласын сатқан жұпқа қатысты тың мәлімет жарияланды

29 маусым 2021, 10:39

Алматыда Өзбекстаннан келген ерлі-зайыптылар өз баласын сатпақшы болды. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Астана ТВ-ның мәліметінше, бұл жұп 2019 жылы тұңғыштарын да осындай жолмен сатып жіберген болып шықты. Қазір ол бала қандай отбасында тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды. Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген.Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық «STOP трафик» шарасы кезінде осындай 56 қылмыс анықталды. 2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. «Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда», — дейді мамандар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия