jasqazaq.kz

Алматыда балаларды ұрып-соққан әйел видеоға түсіп қалды (видео)

18 мамыр 2021, 10:35

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында белгісіз бір әйел балаларға шабуыл жасады.

Бұл  туралы  Tengrinews.kz   «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, әйел бір топ жасөспірімге жүгіріп барып, былапыт сөздермен айғайлай бастаған. Не болып жатқанын балалардың өзі телефон камерасына түсірген. Осыдан кейін әйел қолында ұялы телефон ұстаған балаға да шабуыл жасайды.
Полиция өкілдері әйелді әкімшілік жауапқа тартқанын мәлімдеді.
Ztb.kz ақпараты бойынша, оқиға 16 мамырда кешке Думан-2 шағынауданында «МеркурГрад» ТК 29 үйінің маңында болған.
«Балалар ойнап жүріп бір-бірімен дауласып қалады, сол кезде бейтаныс әйел балаларға шабуыл жасап, айғайлап, былапыт сөздер айтып оларды № 27 үйдің маңындағы тірек пунктіне апаратынын айтып қорқыта бастайды. Содан кейін ол бір баланы ұстап алып, құлағына шыңғырады, менің ұлым мұның бәрін түсіргісі келіп телефон камерасын қосады, бұған ол қатты ашуланып, жұдырығын сермейді, қолын тырнап, итеріп, телефонды алмақ болады», — делінген басылымда.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия