jasqazaq.kz

Алматыда балалар үйінің директоры 67 млн теңге ұрлаған

12 тамыз 2021, 13:35

Алматыда балалар үйінің директоры мен әлеуметтік педагог сотталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы білім басқармасының «№1 Алматы облыстық балалар үйі» ҚММ директоры мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы М. Мұстафина өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған 67 миллион теңге сомасындағы ақшалай жәрдемақыны жымқырғаны дәлелденді. Сотталған Мұстафина әлеуметтік педагог және балалар үйінің басшысынан қамқоршының мүдделерін білдіруге сенімхаты бола отырып, тәрбиеленушілерге асыраушысынан айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы ресімдеп, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде оларға карточкалық шоттар ашқан. Тәрбиеленушілердің есеп айырысу шоттарына толық қол жеткізіп, мобильді банкинг арқылы балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп айырысу шоттарынан жеке карточкалық шотқа ақша қаражатын аударымдарды жүзеге асырған, сондай-ақ тәрбиеленушілердің банк карталарын пайдалана отырып, банкоматтардан кейбір қаражатты алған, — дейді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Мұндай заңсыз қызметпен сотталған адам 2015 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың тамызына дейін айналысқан.

Өз кезегінде балалар үйінің директоры Ғ.Қондыбаева 2018 жылдың күзінде Мұстафинаның ұрлау фактілері туралы біліп, оны уәкілетті органдардан жасырып, оны қызметінен шеттетпей және балалар үйі тәрбиеленушілерінің шоттарына қол жеткізуін шектемеген.

Сотталушылар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден астам шығын балалар үйі тәрбиеленушілерінің пайдасына өтелді.

Сот 52,4 миллион теңге көлеміндегі қалған соманы жәбірленушілерге қайтаруды міндеттеді.

Сот үкімімен М.Мұстафина ҚР ҚК 189-бабы (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан және 10 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Ғ.Қондыбаева ҚР ҚК 371-бабы (салғырттық) бойынша кінәлі деп танылды. Мемлекеттік лауазымда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, оған 2,7 миллион теңге сомасында айыппұл тағайындалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия