jasqazaq.kz

Алматыда балаға азғындық жасады деген күдікті ұсталды

22 мамыр 2020, 12:02

Алматыда қызға азғындық жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, ер адам кеше кешке полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оны Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ер адам үй-күйі жоқ кезбе болып шықты.

«Ер адам біздің бөлімшеге жеткізілді. Баланың анасы да шақырылды, ол қызына ешкім тиіспегенін және зорламағанын айтты. Ал ұсталған адам баладан сағат қанша екенін білгісі келгенін айтты. Одан әрі тексеру барысында жағдайдың мән-жайын анықтап, болған оқиғаға құқықтық баға береміз», — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы полковник Дархан Мұсанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны 10 жастағы қызды өзіне қарай сайға шақырған күдіктіні қорқытқанын хабарлаған. Болған жайтты ол Instagram желісіндегі @kris.p.online парақшасында айтқан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия