jasqazaq.kz

Алматыда балабақшада балаларды оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады

28 желтоқсан 2021, 18:41

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды шашынан жұлып, оқтаумен ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады.

“Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған Б. есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Жетісу ауданды полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алматыда балабақшалардың бірінде қатыгез тәрбиешінің балаларға қол көтерген бейнежазбасы таралған болатын. Видеодан оның балаларды құлағынан тартып, оқтаумен ұрғанын байқауға болады. Тәрбиеші сондай-ақ кішкентай қыздардың шашынан жұлқылап, тыныштандырады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаған.

Тәрбиеші ата-аналар отырған чатқа байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген.

«Тәрбиеші балаға «идиот» деп айтып жатқанын видеодан көрдік. Бәрі содан басталған. Содан кейін ата-аналардың бірі баламның ауызы уылды, аузына тұз тыққан деп жазды. Баланы қылқындырып, аузына тұз салғанына дейін камерадан көрініп тұр», – деген ата-ана.

Stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр