jasqazaq.kz

Алматыда бала саудасымен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

07 қараша 2022, 15:12


Алматыда бала саудасымен айналысып, жалған куәлік жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы тамыз айында Алматы қаласында полиция қызметкерлері заңсыз бала асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтаған еді. Өткізілген шара барысында бір топ адам, оның ішінде аудандық АХАТ қызметкерінің алдын ала уағдаласу бойынша жаңа туған баласынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдер мен баласыз отбасыларды іздеумен, балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды», — деді департамент басшысы ҚР ІІМ ұйымдастырған апталық брифингте.

Спикердің айтуынша, арадағы мәміле сомасы 1-2 млн теңге аралығында болған, құжаттарды қолдан жасау мен анықтама беру 700 мың теңгеге бағаланған.

«Қазіргі уақытта бұл адамдардың 6 сәбиді саудалағаны анықталды. Мұндай «сатушылар» мен «сатып алушылар» Қазақстанның түрлі қалаларында тұрған. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандар саудасы бабында сотқа дейінгі тергеу басталды. Бес күдікті ұсталып, барлығы қамауға алынды», — деді Қ. Нұрмағамбетов.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку