jasqazaq.kz

Алматыда бала күтушінің қатыгез әрекеті әшкере болды

20 қантар 2020, 16:43

Алматыда бала күтушінің қатыгез әрекеті әшкере болды. Әйел сәбиді ұрып жатқан сәт жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Facebook-тегі Немолчи.kz-парақшасында жазылды.

Баланың ата-анасының айтуынша, көршілері олар жоқ кезде балалары көп жылайтынын айта бастаған. Сол себепті ерлі-зайыптылар үйге жасырын камера орнатқан. Кейін бейнежазбадан күтуші 1,5 жасар бүлдіршінді ұрып-соғатыны белгілі болды.

Ауруханада баланың басынан соққы алғаны, жұмсақ тіндерінің көгергені анықталды. Қазір бүлдіршінің тәбеті жоқ және түнде мазасызданады.

Ақпаратта атап өтілгендей, осы фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақында әкімшілік сот өтіп, судья істі қосымша тергеуге қайтарған. Бала күтуші Өзбекстаннан келгені белгілі.

Ал Алматы қалалық Полиция департаменті бұл іс бойынша ақпарат дайындалып жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бейнежазба зерттеліп жатыр. Ақпарат дайындалуда», — деді департаменттің баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия