jasqazaq.kz

Алматыда бала гамбургерден уланып қайтыс болды

30 қазан 2018, 12:28

Алматыда 14 жастағы бала гамбургерден уланып қайтыс болды. Жасөспірімді ата-анасы дәрігерге уақытылы жеткіздік дейді.

Sn.kz жазғандай,  олар алғашында науқасты қабылдамай, тым кеш болғанда бір-ақ қимылдап, ауруханада баладан айырылып қалған.

25 қараша күні Жаннұр Ержігіт далада ойнап келген соң анасына жүрегі айнып, өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтады. Әйел оны бірден емханаға жеткізіпті. Ондағылар науқасқа бір екпе салып, үйіне қайтарған. Алайда баланың жағдайы одан сайын нашарлай берген соң оны әкесі дәрігерлерге сүйреп келеді. Тек осыдан кейін ғана науқасқа көңіл бөлген ақ халаттылар жеткіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызыпты. Мұнда балаға жасалған ем-дом шаралары көмектеспей, оның демі күрт үзіледі.

Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы мамандарының айтуынша, марқұмның тамақтан улану диагнозы асқынып, ол жүрекке әсер еткен. «Зерттеулердің қорытындысы бойынша жедел инфекциондық миокардит диагнозы қойылды. Ауруханадан тыс дәрігерлер шақырып, тиісті кеңес алдық. Барлық жағдайды жасап, ем-шара қолдануға тырыстық», — дейді бас дәрігердің орынбасары Дидар Айтжанов.

Осыған қарамастан баланың жақындары оның өліміне дәрігерлер біліксіздігі себеп болды дегенді айтуда. Себебі жастайынан спортпен шұғылданып келген Ержігіттің жүрегінде ешқандай кінәрат болмаған. Енді қайғылы оқиғаға нақты не түрткі болғанын тәуелсіз сот-медициналық сараптама нәтижесі анықтайтын болады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді