jasqazaq.kz

Алматыда БАҚ, өнер және медиа өкілдерінің қатысуымен «ӘйелдіАяла» ұлттық акциясы басталды

07 наурыз 2018, 11:00

Алматы қаласы бойынша наурыздың 7-сінен бастап — Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Сорос Қазақстан қорының қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай заманауи Қазақстандағы әйел рөліне арналған ақпараттық кампаниясын басталғанын мәлімдейді. Ақпараттық кампания еліміздің медиа өкілдері, беделді журналистері, блогерлері, пікір көшбасшылары, құқық қорғаушылары әйел құқығы, заманауи Қазақстан қоғамы жайлы пікірін білдіреді.

#Әйелді аяла ақпараттық кампаниясы мемлекеттік тілде өткізілейін деп отырған, сонымен қатар өнер жұлдыздары мен еліміздің қоғам және мәдениет қайраткерлерін тең құқықтылық пен әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесі аясында біріктіретін Қазақстандағы алғашқы ақпараттық науқан.

«Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құраушы бөлігі болып табылады. Біздің елімізде гендерлік теңсіздіктер экономикалық және саяси салаларда кең етек жайған. Әйелге қатысты зорлық-зомбылық туралы ресми деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелдің стереотипті қоғамдағы рөлі мәселесінің көлеңкесінде қалып қояды» — дейді «Сорос-Қазақстан» қорының Адам құқықтары жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева

«Әйелдердің құқықтарын іске асыруға байланысты заманауи қауіп-қатерлер мен проблемалар туралы мәселелер бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда, мемлекетпен диалог барысында талқыланып, мүмкіндігінше қоғамның көптеген өкілдерінің назарын аударуы тиіс. Біздің ақпараттық кампания әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы ашық және көпқырлы диалогтың бастауы болады деп үміттемін »- дейді Әйелдер шығармашылық бастамасы лигасының президенті Асия Хайруллина.

Бір жылға жалғасатын ақпараттық кампания шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықты алдын-алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалатын болады. Сондай-ақ әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар тележүргізуші Дана Нұржігіт пен Ләйлә Сұлтанқызы, әнші Ақмаржан Күшербаева, Бахыт Шадаева және Жеңіс Ысқақова, журналист Айна Досмұхамедқызы, Ақжелен Исабаева, Аруна Амзеева актер Шарип Серік, Әсел Сағатова, Ербол Семқұлов, блогер Нагима Ахметова біздің әлеуметтік жобаны қолдағаны үшін алғысын білдіреді. Сонымен қатар, қазақстандықтарды, қоғамдық және халықаралық ұйымдарды әртүрлі бастамалармен, жекебасынан өткен оқиғалармен, әйел құқықтарын қорғаудың мысалдарымен #Әйелдіаяла ресми хэштегі аясында бөлісуге шақырамыз

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде