jasqazaq.kz

Алматыда азық-түлік қоймасы өртенді

05 тамыз 2022, 10:14

Алматыда түнгі уақытта азық-түлік қоймасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 21:42-де өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 133 мекенжайында ғимараттың түтіндеуі туралы шақыртуға шықты. «Сағат 21:45-те (3 минутта) алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте азық-түлігі бар қойманың түтіндеп жатқаны анықталды. Өрт сағат 23:05-те оқшауландырылып, 23:24-те толығымен жойылды. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құрады. Өрттің жақын маңдағы әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ. Қазір оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр