jasqazaq.kz

Алматыда аяусыз соққыға жығылған азаматтың туыстары оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр (Видео)

07 желтоқсан 2021, 14:33

Алматы тұрғыны автотұрақ үшін ағасын аяусыз ұрған оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Оқиға 5 желтоқсанда сағат 21.00-де Алатау ауданында болған, сондай-ақ, бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккен адамның туыстары әлеуметтік желілерде видео жариялады. Олар бұл оқиға «Алматы арена» спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан «Алмалы» тұрғын үй кешенінің ауласында болғанын мәлімдеді.

«43 жастағы ер адам 27 жастағы ағамды ұрды. Алдымен олар көлік тұрағында ұрысып, содан кейін ер адам ағамды ойын алаңына апарып, есін жоғалтқанға дейін ұрған. Ер адам жалғыз болмаған. Қазір ағамның жағдайы ауыр. Дәрігерлер бас сүйегі сынғанын, ми контузиясын растады. Куәгерлер іздейміз», — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жалобы Алматы🇰🇿 (@zhaloby.almaty)

Қалалық полиция департаменті бұл деректі растап, оқиғаның Ақбұлақ шағынауданында болғанын айтты.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапкершілікке тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды», — деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Осы бап бойынша кінәлілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық