jasqazaq.kz

Алматыда аялдамадан нәресте табылды

21 сәуiр 2021, 11:20

Алматыда аялдамадан нәресте табылды. Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткенін айтты.

Алматыда табылған бала туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі rozysk_kz-парақшасында пайда болды. Жазбада бала шамамен екі жаста екені көрсетілген.

Алматы полиция департаментіндегілер 19-20 сәуірге қараған түні Северное кольцо көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.

«Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуірде түстен кейін ол полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды, баланы № 2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Қазір ол сол жерде. «Ана» дегеннен басқа, ештеңе айтпайды және өз атын айта алмады», — деді Алматы ПД өкілдері.

Баласын тастап кеткен ананың жеке басы алдын ала анықталған. Полиция әйелдің тұрған жерін анықтап жатыр.

«Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полицияның назарына іліккен. Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды, бірақ қорытынды жасаған тәрізді. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес жүрген жері анықталғаннан кейін шаралар қабылданады», — деді Алматы ПД өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия