
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен 9 Января көшесінің қиылысында автобус пен Lexus RX қақтығысып, Lexus маркалы көлік аударылып қалды.
Көлік жүргізушісі джип пен автобус батысқа кетіп бара жатқанын, жапон көлігі жолдың сол жақ жиегінде болғанын айтқан. 9 Января көшесіне жақындаған сәтте автобус Lexus-ке жол бермей қойған.
Нәтижесінде Lexus RX аударылып, бірнеше метр биіктікке ұшып кеткен.
Абырой болғада, зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасына түскендер куәгерлерді іздестіруде.